Бейсенбі, 19 желтоқсан, 02:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Перзентхананың 14 медбикесі бір уақытта жүкті болып қалған

31.12.2023

949 0

Сурет:stan.kz

Канаданың Монреаль қаласындағы ауруханалардың бірінде 14 медбике бір уақытта жүкті болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүкті болған медбикелердің барлығы ЛаСалле ауруханасының перзентхана бөлімінде жұмыс істейді. Қызметкерлердің бірінің айтуынша, бұл ауруханадағы “дәстүрдің” бір түрі екен. Бұған дейін де бірнеше медбике бір мезгілде жүкті болған оқиғалар кездескен.

Медбикелердің жүктілік кезеңдері әртүрлі, сондықтан олар әртүрлі уақытта босанады. Олардың көпшілігі жұмысты соңына дейін жалғастырып, босануға екі апта қалғанда ғана демалысқа шығуды жоспарлап отыр.

Осыған қарамастан, аурухана басышылығы жұмыс күшінің тапшылығына алаңдайды және кетіп бара жатқан қызметкерлердің орнына кадрларды белсенді түрде іздеуде. Перзентхана меңгерушісі қол астындағыларды тоқтатып, жиі жүкті болмауға шақырған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: