Словакияның премьер-министрі Роберт Фико ауруханаға түсті. Оған үкімет отырысынан кейін оқ атылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Премьер-министр Роберт Фико атыс кезінде жараланды», – деп хабарлады Aktuality.sk.
Сондай-ақ Роберт Фико жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылғаны хабарланды. Күдікті ұсталды, премьер-министр Братиславадағы ауруханаға жеткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, видеода Роберт Фикоға оқ атқан адамның ұсталған сәті түсірілген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!