Жұма, 27 желтоқсан, 07:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Президент мінген тікұшақ апатқа ұшырады

20.05.2024

348 0

Сурет: Ресей СІМ

Америкалық The Atlantic журналының журналисі Араш Азизи дүйсенбіге қараған түні Иран президенті Ибрагим Раиси тауларда тікұшақ апатынан қаза тапты деген болжам айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеганда апатқа ұшыраған еді. Тікұшақтағылардың барлығы да мерт болған дейді. Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян та қаза тапқан.Сондай-ақ тікұшақта Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.

Мұны Иранның Mehr агенттігі мен атын жасырын қалдыруды сұраған шенеунік растады. 

Бұған дейін Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Пирхоссейн Коливанд құтқарушылар апат болған жерден тірі адамды таппағанын айтқан.

Әзірге ақпарат ресми расталмады. 

«Тегерандағы президенттің жақыны маған Раисидің өлімі расталғанын және билік басында хаос туындамас үшін хабарды таратудың оңтайлы жолын іздеп жатқанын айтты. Бірақ мен мұны өзім анықтай алмадым», – деп жазды журналист.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: