Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Путин соғысты тоқтатуға әскерлеріне бұйрық берді

08.01.2023

623 0

Владимир Путин қаңтардың 6-сы мен 7-сі күндері Украинадағы жауынгерлік байланыс желісінде атысты тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында хабарланды. Айта кетейік, бұл күндері православиелік Рождество тойланады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әулие Патриарх Кириллдің үндеуін ескере отырып, Ресей Федерациясының Қорғаныс министріне 2023 жылдың 6 қаңтарында сағат 12:00-ден 2023 жылдың 7 қаңтарында сағат 24:00-ге дейін Украинадағы тараптардың бүкіл әскери байланыс желісі бойынша атысты тоқтату режимін енгізуді тапсырамын», – делінген Ресей президентінің жарлығында. Православие дінін ұстанатын көптеген азаматтардың соғыс аймақтарында тұратындығына сүйене отырып, Кремль украиналық тарапты атысты тоқтату режимін жариялауға және оларға Рождество қарсаңында, сондай-ақ Мәсіхтің туған күнінде қызметтерге баруға мүмкіндік беруге шақырды. Бұл ретте Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-дегі ресми парақшасында ресейлік тараптың бастамасына қатысты пікір білдірді. «Біріншіден, Украина Ресей Федерациясы сияқты бөтен территорияға шабуыл жасамайды және бейбіт тұрғындарды өлтірмейді. Украина өз аумағында тек оккупациялаушы армияның әскери қызметкерлерін ғана жояды. Екіншіден, Ресей Федерациясы басып алынған аумақтардан кетуі керек – сонда ғана ол «уақытша бітімге» ие болады. Екіжүзділікті өзіңізде сақтаңыз», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Подоляк Орыс Православие Шіркеуінің Рождество мерекесіне арналған бітімге келу туралы ұсынысын «арсыз тұзақ және үгіт-насихат элементі» деп атады. Еске салайық, бұған дейін Владимир Зеленский G7 елдерінің көшбасшыларымен кездесуі кезінде Ресей тарапына Рождество мерекесіне дейін Украинадан әскерлерін шығаруды бастауды ұсынған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: