Жұма, 22 қараша, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қалыңдық баланы құтқару үшін той рәсімін тоқтатқан

07.10.2023

849 0

Қытайда қалыңдық келген қонақтардың бірі ауырып қалғанын көріп, тойын тоқтатты, – деп хабарлайды Massaget.kz Newsflare басылымына сілтеме жасап.

Желіде тараған видео 3 қазанда Шаньси провинциясының Люлян қаласында түсірілген. Іс-шара басталар алдында күйеу жігіттің інісі қонақтардың бірінің кішкентай қызының қызуы көтеріліп, ауырып жатқанын хабарлаған.

Қалыңдық рәсімді тоқтатып, қызды құтқаруға асыққан. Өйткені ол медбике болып оқыған, сонымен қатар, педиатрия бөлімінде жұмыс істеген. Қалыңдық ауырып жатқан балаға алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлер келгенге дейін дымқыл сүлгімен қызуын түсірген. Қалыңдықтың сөзінше, адамдарды құтқару – батырлық емес, дәрігер ретіндегі міндеті.

«Той күте тұрады. Баланың өмірі мен денсаулығы маңыздырақ», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: