Қазнетте «қасқыр талап кеткен» ер адамның суреті тарады. Желідегі ақпарат бойынша, оқиға Талдықорғанда болған. Алайда бұл оқиға Талдықорғанда емес, тіпті Қазақстанда тіркелмеген. Оқиға Ресейде болған, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қайғылы оқиға 14 қаңтарда Кубаньда болған. Калинин ауданындағы Журавлевка мен Джумайловка фермалары арасында ер адам өлі табылған. Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, жабайы құстар мен қаңғыбас иттер ер адамның денесінің бір бөлігін кеміріп үлгерген.
Өлі табылған азамат – 47 жастағы тұрғын болып шыққан. Ол 7 қаңтарда жоғалып кеткен. 14 қаңтарға дейін ер адамды ешкім іздемеген. Тұрғын кездейсоқ табылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!