Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстан деген мемлекеттің барын білмейтін, олар бізді тілі, жері жоқ, Ресейдің астындағы халық деп ойлайтын»

02.08.2023

760 0

Жадыра Сенбай – Моңғолияда дүниеге келген қазақ қызы. Ол 14 жасында Жапонияның Токио қаласына көшкен, содан бері 14 жыл «Күншығыс елінде» отбасымен тұрады. Кейіпкер Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында жапондардың қазақтардан айырмашылығы, мәдениеті мен сол елдегі кәсібі, Жапониядағы қазақтарға арналған мәдениет үйі туралы айтып берді. 

Жадыра Ордабекқызы – «Жақын Жапония» кітабының авторы. Ол бұл елге алғаш келген күннен бастап басынан өткен талай қызықты қағаз бетіне түсірген. Оның айтуынша, алғаш келгенде елге үйренісу қиын болған, оның үстіне, кейіпкеріміз тілді мүлдем білмеген. 

«Жапонияға алғаш рет 10-сынып оқып жүргенде 14 жасымда келдім. 10-12-сыныпты осы елде аяқтадым. Мектептен кейін жоғарғы оқу орнын, магистратураны да осында оқыдым. Кейін бір жыл Лондонда, тағы бір жыл Түркияда, ал Қазақстанда 3 жыл білім алдым. Көшу процесі оңай болғанымен, елге үйренісу аздап қиынға соқты. Өйткені мен тіл білмедім. Бірақ бұл халықтың мәдениеттілігі, адамгершілігі, адамға көмек қолын созуға дайын тұратыны мені осы елде қалуға көндіргендей болды», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: