Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

18.10.2022

871 0

Sputnik. Оқушыларымыз Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты, деп хабарлады оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. «Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым. Олар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

«Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық білімі мен дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндіктер жасауды жалғастыра береді. Соңғы 3 жылда елімізде 41 IT-мектеп ашылды. Қазір онда 55 мың бала оқып жатыр. Сондай-ақ білім алушыларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген, олар да цифрлық білімді дамытуға бағытталған», – деп жадзы Аймағамбетов. Президент білім беру саласындағы цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. ІТ-мектептердің ерекшелігі – ІТ-технологиялар саласында мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу. Сондай-ақ жыл сайын IT-мектептер саны көбейе береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: