Жұма, 22 қараша, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеп жіберген

23.06.2024

551 0

Сурет:haluq.uni

БАҚ Қазақстаннан барған туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғанын жазып жатыр, – деп хабарлайды Tovima басылым.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтада жағалауда отшашу ата бастаған. Салдарынан қарағайлы орманда өрт басталған.

Өрт сөндіруге өртсөндірушілер мен еріктілер жұмылдырылған. Ауадан су шашатын тікұшақ та тартылған.

БАҚ мәліметінше, Гидра мэрі Гиоргос Кукудакис әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті екенін айтқан. Оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталған. Олардан Вульягмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынады.

Гидра Грекиядағы туризмнің негізгі орталықтарының бірі саналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: