Бейсенбі, 28 қараша, 02:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қылмыстық ұйым ашқан: Швейцария Өзбекстанның экс-президентінің қызын сотқа берді

09.10.2023

676 0

Швейцария прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Каримованы «Офис» деп аталатын халықаралық қылмыстық синдикатты басқарды деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлнәр Кәрімова – 2016 жылы қайтыс болған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы.

Прокурорлардың айтуынша, 51 жастағы Кәрімова – сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұйымдасқан қылмыс туралы кең ауқымды істің басты қатысушысы.

Каримова Өзбекстанда жүздеген миллион доллар ұрлап, бүкіл әлем бойынша компания басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерге жүйелі түрде пара берді деп айыпталуда. Сондай-ақ оған Швейцарияда орналасқан бірқатар компаниялар мен банктік шоттар арқылы заңсыз алынған қаражатты жасырғаны туралы күдік ілінді.

Тергеу нәтижесінде Швейцария билігі Өзбекстанға қайтарылуы тиіс 340 миллион швейцариялық франктан (175 миллиард теңге) астам активтерін тәркіледі. 440 миллионнан астам франк сот процесі жалғасып жатқан кезде бұғатталады.

Кәрімованың швейцариялық адвокаты  барлық айыптауларға қарсы шығып, оны ақтау үшін күресетінін айтты.

Кәрімова Өзбекстанның атынан БҰҰ дипломаты ретінде бүкіл әлем бойынша көп саяхаттады. Осы лауазымның арқасында ол қудалауға қарсы мәртебеге ие болды.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қоғамдық кеңістіктен жоғалып кетті және қазір Өзбекстандағы түрмеде отыр, онда алаяқтық пен ақшаны жымқырғаны үшін 13 жыл түрмеде отыр.

Швейцарияның Бас прокуратурасы Кәрімоваға тағылған айыптар, сондай-ақ өзбек телекоммуникациялық компаниясының басшысының ісі Швейцарияның федералды қылмыстық сотына жіберілгенін хабарлады.

Прокурорлар ол “Офис” деп аталатын қылмыстық ұйымның жетекшісі болған деп мәлімдеді. Оған бірнеше ондаған адам және жүзден астам компания кірді.

Ұйымның бастапқы капиталы өзбек телекоммуникациясына әсер еткісі келген шетелдік компаниялардан алынған пара болған. 

Прокуратура “Офис” бопсалау арқылы қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырғанын айтады. 

“Офистің” басты орталығы швейцариялық Zeromax компаниясы болған. Бұл фирма 2010 жылы банкротқа ұшыраған.

Ал экс-президентті қызы миллиондаған франк гауһар тастар мен басқа да асыл тастарды сақтау үшін Lombard Odier-де сейфтерді пайдаланған. Бұл банктегі 400 миллионнан астам швейцариялық франк әлі күнге дейін оның шоттарында тұр.

Каримованың өзі бастапқыда дипломатиялық иммунитетпен қорғалған, өйткені ол Женевадағы БҰҰ жанындағы Өзбекстанның елшісі болып жұмыс істеген. Бірақ бұл иммунитет 2013 жылы жойылғаннан кейін тергеу кеңейіп, оған айыптар тағылды.

2019 жылы АҚШ-та Гүлнәр Кәрімоваға қарсы ақшаны жылмқыру туралы іс қозғалды.

2023 жылдың тамызында Ұлыбритания билігі оның Лондондағы мүлкін қамауға алғанын мәлімдеді.

2017 жылы экс-президенттің қызы қамауға алынды және қазіргі уақытта мемлекеттік қаражатты ысырап еткені үшін Өзбекстанда 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: