Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қырғызстанда сел кезінде қазақстандықтар қаза тапты

29.06.2024

443 0

Сурет: massaget.kz

Қырғызстанда сел жүріп, салдарынан қазақстандықтар қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын жауып, Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтіп, оның салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар. Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажет көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: