1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды», – делінген хабарламада.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.
Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетін кез келген адамға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!