Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

127 миллионнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр

22.04.2024

805 0

Сурет:Stan.kz

Қытайдың Гуандун провинциясында ірі өзендердің арнасынан асып кетуі су тасқынына әкелуі мүмкін. 127 миллионнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер Сицзян және Бейцзян өзендерінің деңгейі қауіпті деңгейге жақындап қалғанын ескертті. Оның үстіне мұндай су тасқыны өте сирек болады.

Гуандун провинциясындағы (Оңтүстік Қытай) гидрологиялық станциялар бұл провинциядағы 20-дан астам өзен суының арнасынан асу қаупі жоғары екенін хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

 Гуандун провинциясының су ресурстары басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні сағат 16.00-де провинциядағы 24 өзеннің 38 гидрологиялық станциясындағы су деңгейі ескерту деңгейінен асып кеткен.

Толассыз және ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Бейцзян өзенінің төменгі ағысында су деңгейі күрт көтеріліп, қатты су тасқыны болатыны ескертілді. Құтқару жұмыстары қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. 

Гуандун провинциясының метеорологиялық орталығы алдағы аптада Гуандун провинциясында жаңбыр жауады деп болжайды.

Соңғы мәліметтер бойынша,  толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жергілікті билікке табиғи апатқа дайындықты алдын ала бастап, құрылыс материалдарын, орналастыру орындарын, ауыз суды алдын ала дайындау тапсырылды.

Цинюаньда (Гуандун провинциясы) қазірдің өзінде 20 мың адам эвакуацияланғаны хабарланды. Чжаоцин қаласында электр қуаты үзіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: