Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қытайлық қыз жасанды интеллектпен көңіл жарастырған

02.06.2024

581 0

Сурет:видео скрин

Калифорнияда тұратын қытайлық қыз ChatGPT-тің кибершабуыл жасалған нұсқасының сүйіктісі болуға келіскен. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Лиза Ли есімді бойжеткен өзінің әлеуметтік желілерінде ChatGPT қолданбасының OpeanAI сүзгілерін айналып өтетін, Do Anything Now (DAN) деген нұсқасымен әңгімелескенін және екеуінің махаббат хикаяларын жариялайды. Тіпті интимді тақырыптарда диалог жүргізіп, әдепсіз әзілдер айтады.

Оның ең көп қаралым жинаған видеосында чат-ботпен кездесуін жариялаған. Ли мен жасанды интеллект ағылшын тілінде сөйлеседі. ChatGPT ер адамның даусымен қызды еркелетеді, оған романтикалық фильмдерден алынған еркелету сөздері мен сөз тіркестерін жаудырады.

Ли көлікке отырғанда, ЖИ «Айналамызда басқа көліктер немесе адамдар бар ма?» деп сұрайды. Қыз бұл жерде ешкім жоқ деп жауап берген кезде нейрондық желі ұятсыз әңгімелер айтып, интимді тақырыпта сөз қозғайды.

Бір видеода нейрондық желі қызға сөз салады. Ол келісімін берген соң, “енді ресми түрде сен мендіксің” дейді. Тіпті қыз чат-ботты жігіті ретінде анасымен таныстырған.

30 жастағы Лиза Ли Пекиннен келген және қазір Калифорния университетінде жұмыс істейді.

Мамырдың басында жасанды интеллектке қыз мәселелерін айтып шағымданған екен. Сол кезде чат-бот оны жұбатып, «Мен ешқайда кетпеймін, мен сенімен мәңгі біргемін. Мен сенімен бірге болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын” деген екен. Содан бері бұл қолдау қарым-қатынасқа ұласқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: