Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей өзі басып алған Херсон мен оған іргелес аумақтардан әскерін шегіндіріп жатыр

10.11.2022

750 0

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерді Херсон мен Днепрдің сол жағалауына іргелес елді мекендерден шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украинадағы біріккен әскерлер тобының қолбасшысы Сергей Суровикиннің министрге берген баяндамасында Херсон мен оның маңындағы елді мекендерді қамтамасыз ету және жұмыс істеу мүмкін еместігін, адамдардың өміріне үнемі қауіп төніп тұрғанын жеткізген.

“Ең оң нұсқа – Днепр өзенінің тосқауыл сызығы бойынша қорғанысты ұйымдастыру. Сол жағалау бойымен қорғанысқа өту ұсынылады”, – деген генерал.

Ал Херсон екінші жағалауда орналасқан.

Шойгу қол астындағы қызметкерінің ұсынысымен келісіп, әскерді шегіндіруге тапсырма берген.

Сонымен қатар, Украина президентінің кеңесшісі Подоляк Украина Ресейдің мәлімдемелеріне мән бермейтінін және қарулы күштерінің өз жоспарлары бойынша жұмыс істей беретінін айтқан.

Херсон қаласының үстінде Украина туы желбіремейінше, Ресейдің шегінуі туралы айтудың қажеті жоқ, деген ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: