Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ресейде маймыл шешегі тіркелді

12.07.2022

667 0

Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді. Ауру анықталған ер адам Еуропадан келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Дерт жеңіл формада өтіп жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ресейге келген соң науқаспен байланысқа түскендер адамдар шеңбері шектелді. Пәтерде жалғыз тұрған. Байланысқа түскен адамдар медициналық бақылауда. Науқас медициналық мекемеде оқшауланды», – делінген хабарламада. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметіне сәйкес, маймыл шешегін жұқтыру деректері күн санап өсіп келеді. 

Бүгінгі таңда әлемнің 70 елінде 9 111 адам вирус жұқтыру дерегі тіркелген, оның ішінде 9 071 дерек расталды. Дертті жұқтырғандардың ең көбі Ұлыбританияда тіркелген (1 552). Ал Германияда 1 490, Испанияда 1 034, Францияда 721, Португалияда 473, АҚШ-та 790 дерек тіркелген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: