Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шенеунік 25 жастан асқан қыздарға тұрмысқа шығуға тыйым салуды ұсынды

14.11.2024

1847 0

Сурет:zakon.kz

Саясаткер Наоки Хякута бұл қыздардың ерте ана атануына себеп болады деп санайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жапонияның Консервативті партия көшбасшысы Наоки Хякута қыздарға 25 жастан кейін тұрмысқа шығуға тыйым салуды ұсынды. Шенеуніктің сөзінше, бұл бала туу көрсеткішін арттыруы мүмкін.

NDTV телеарнасының мәліметінше, саясаткер 18 жастан асқан бойжеткендерге жоғары оқу орнына түсуге де тыйым салу керек деп санайды. Ал 30 жастан әйелдерге гистерэктомия — яғни жатырын алып тастау операциясын жасату керектігін алға тартқан. Хякутаның ойынша, бұл әрекеттер жапон әйелдерін көбірек бала тууға итермелейді.

Наоки Хякутаның сөздері қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшілік оны сынап тастады. Ол көп ұзамай-ақ кешірім сұрады. Өзінің айтуынша, бұл оның жеке көзқарасы емес, тек гипотетикалық болжам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: