Сенбі, 16 қараша, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Шошқа бүйрегін алғаш салғызған ер адам ауруханадан айығып шықты

07.04.2024

946 0

Сурет:stan.kz

АҚШ-та екі апта бұрын шошқаның бүйрегін салдырған 62 жастағы ер адам сауығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін шошқаның бүйрегі миы өлген науқастарға трансплантацияланса, Рик Слейман бірінші болып мұндай отаға келіскен.

Бостондағы Massachusetts General ауруханасы хирургтарының айтуынша, трансплантацияланған орган сәтті жұмыс істеп жатыр және пациент енді гемодиализді қажет етпейді. Слайман донорлық адамның бүйрегімен бірнеше жыл өмір сүрді, бірақ кейін ол істен шығып, гемодиализге қайта оралуға мәжбүр болды.

Дәрігерлер ер адамның денесі шошқа бүйрегін қабылдамай қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, алайда бұл әдіс әзірге оның тірі жүруіне көмектесіп тұр.

Рик Слейманға 2018 жылы донорлық бүйрек салынған, ал оған дейін жеті жыл гемодиализде болған. Бес жылдан кейін 2023 жылдың мамырында оның денесі донорлық бүйректі қабылдамай қалды да, ер адам диализге оралуға мәжбүр болды.

Диализді ұзақ пайдаланғандықтан, оның тамырлары зақымдалған. Әр екі апта сайын науқас қан ұйығыштарын жою үшін ауруханаға барып, ота жасау керек болды, бұл оның өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатқан.

Сол себепті Слайман шошқаның ағзасын алуға шешім қабылдады.

«Мен мұны өзіме көмектесу мүмкіндігі ретінде ғана емес, сонымен қатар донорлық органсыз өмір сүре алмайтын мыңдаған адамдарға үміт беру мүмкіндігі ретінде көрдім», – дейді ол.

Ғалымдар жануарлардың, ең алдымен шошқалардың мүшелерін адамдарға трансплантациялау донорлық органдардың тапшылығын жеңілдетеді деп үміттенеді. Қазір бүйректен басқа шошқа жүрегін трансплантациялау тәжірибесі бар.

Трансплантациялау үшін шошқа бүйрегін Массачусетс штатындағы Кембридждегі eGenesis компаниясы дайындады. Жануар адамның реципиентіне зиян келтіруі мүмкін гендерді жою үшін генетикалық түрлендірілді және үйлесімділікті жақсарту үшін кейбір адам гендері қосылды.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та ер адамға шошқа бүйрегі трансплантацияланғаны айтылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: