Сенбі, 23 қараша, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Швейцариялық Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа бермек

20.05.2024

287 0

Сурет: stan.kz

Швейцариялық Rolex SA маркалы сағаттар өндірушісі Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді. Істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот ұйғарымына сәйкес, әлемге әйгілі компания өз талап арызында апелляциялық кеңестің 2024 жылғы 20 ақпандағы шешімін заңсыз деп тануды және 09, 14-сыныптағы тауарларға және 35-сыныптағы қызметтерге қатысты COSMO тауар белгісін тіркеуді талап етеді.

Айта кетейік, халықаралық жіктеу бойынша тауарлардың 09-сыныбына басқалармен қатар уақыт сағаттары, ал 14-сыныпқа механизмдер, сағат тілі мен шыны кіреді.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 20 мамыр таңертең WhatsApp қосымшасында мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған болатын.

Әділет министрлігі аталған жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: