Сенбі, 21 желтоқсан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайындалуға шақырды

22.09.2022

818 0

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай әскерінің алдында тұрған басты міндеттер туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейжіңде өткен ұлттық қорғаныс семинарында Си Цзиньпин, әскери кеңестің «бұрын-соңды болмаған табандылық және күшпен» Қытай әскерін реформалау және нығайту стратегиясын толық жүзеге асырғанын баса айтты.

«Реформалардың табысты тәжірибесін саналы түрде қорытындылау және қолдану, жаңа жағдай мен міндет талаптарын түсіну, соғысқа дайындыққа назар аудару, ізденіске және жаңашылдыққа басымдық беру, алға қойылған реформалық міндеттерді жүзеге асыруда байыппен жұмыс істеу және одан кейінгі кезеңдегі реформаларды жоспарлауды нығайту қажет», – деді ол.

Оның айтуынша, «жүзжылдықтың басты мақсаты – қуатты қозғаушы күшке ие болу».

Семинарға ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы, Орталық Әскери Кеңес, Халықтық қарулы милиция және Қытайдың әскери академияларының өкілдері қатысты.

Бұған дейін Қытай АҚШ Өкілдер палатасы спикерінің Қытай өзінің құрамдас бөлігі деп санайтын Тайвань аралына сапарына наразылық танытып, Тайвань бұғазында америкалық әскери кемелер пайда болғаннан кейін әскерді дайындыққа қойған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: