Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сұлулық байқауының жеңімпазы теракт кезінде қаза тапты

25.03.2024

929 0

Сурет:kaz.nur.kz

«Тверь аруы-2001″ сұлулық байқауының жеңімпазы Екатерина Новоселова Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Екатерина Новоселова Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің теракті салдарынан құрбан болғандардың тізіміне кірді. «Тверь аруы-2001» атағының иесі лаңкестік әрекеттің құрбаны болғаны туралы ақпаратты 2001 жылы сұлулық байқауының ұйымдастырушысы болған «Шарм» модельдік агенттігінің экс-директоры Ольга Даргеевич растады. «Бұл расымен болған ауыр оқиға, бұл үлкен қайғы», – деді Ольга Даргеевич. Ол бұл ақпарат алғаш рет БАҚ-та пайда болғанын айтты. «Мен Катяның анасынан – я журналистер бірдеңе жазып жатыр, я болмаса қателік кеткен болар, Катя аман ба? – деп сұрадым. Ол маған бір-екі ауыз сөз жазып, Катяның қайтыс болғанын айтты», – деді РИА Новости агенттігінің сұхбат берушісі.

Оның айтуынша, Екатерина бұрын Тверьде тұрған, бірақ Тверьде ғана емес, басқа аймақтарда да шоулар мен байқауларға қатысқан. 2001 жылы ол «Тверь аруы» атағын жеңген. Ол университетті бітіріп, банкте қызмет еткен, кейін Мәскеуге көшкен болатын.

«Оның артынан екі баласы қалды – ұл және қыз. Өте жарқын, мейірімді, ақылды қыз еді, ең мейірімді адам болған. Біз таң қалдық, расымен қайғылы оқиға болғанына әлі сене алмай отырмыз», – деді Даргеевич. Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған теракт 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында «Пикник» тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 115 адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады. Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді. 23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді. Кейін Владимир Путин қайғылы оқиғадан кейін ресейліктерге видеоүндеу жасады. Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: