Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады.
Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам – қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!