Америкалық танымал әнші Джастин Тимберлейк мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты АҚШ құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап ABC News жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Әнші дүйсенбі күні кешке Нью-Йорктегі Саг-Харборда қамауға алынған. Оның сейсенбі күні соты өтеді.
Басылым басқа мәліметтерді жария етпеді. 43 жастағы Тимберлейктің Чикаго мен Нью-Йоркте бірнеше концерті жоспарланған.
Джастин Тимберлейк – әйгілі әнші, «Эмми» сыйлығының төрт дүркін және «Грэмми» сыйлығының тоғыз дүркін иегері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!