Бейсенбі, 19 желтоқсан, 01:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал рэпер өлім жазасына кесілді

26.04.2024

823 0

Сурет: massaget.kz

Иран соты елдің танымал рэпері Тумадж Салехидің 2022 жылғы наразылық шерулерін көпшілік алдында қолдағаны үшін өлім жазасына кесілгенін растады, – деп хабарлайды Massaget.kz .

33 жастағы музыкант екі жыл бұрын қамауға алынған, бірақ рэперді өлім жазасына кесу үкімі қазір ғана шықты. Салехи 2022 жылғы 18 қарашада кепілге босатылды, бірақ екі аптадан кейін қайта қамауға алынды.

25 сәуірде Иран революциялық соты рэперді өлім жазасына кескен. Рэпердің адвокаты Амир Райсиан сот үкімі айыпталушыға «оның өкінуі мен билікпен ынтымақтастығы» үшін жазаны жеңілдетуге құқық беретінін айтты.

Салехиге 20 күн ішінде сот үкіміне шағымдану үшін Жоғарғы сотқа жүгіну керек. Айыптау үкімі күшіне енсе, Рақымшылық жасау жөніндегі сот комиссиясы оның жазасын жеңілдету үшін оның ісін қарайды.

Тумадж Салехи 2022 жылғы қазанда күрд әйел Махса Аминидің өлімінен кейін Иранда басталған шерулерді көпшілік алдында қолдағаннан кейін ұсталды. Маусымда рэпер «жер бетіндегі жемқорлық» – Ирандағы ең ауыр қылмыстардың бірі, өлім жазасына кесілуі мүмкін деген айыппен алты жылға сотталды. Музыкант «интернеттегі жалған ақпарат» және «мемлекетке қарсы үгіт-насихат» таратқаны үшін, сондай-ақ, адамдарды зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін кінәлі деп танылды. Иранда мыңдаған қолданушы Салехиді тез арада босатуды талап етіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: