Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Теміржолдағы талқан-тағдыр

11.06.2023

653 0

Кейде объективті шындықты ажырату үшін мәселенің себеп-салдарын бөле қарау жеткілікті. Әйтпесе, адасу оңай. Қарапайым мысалға сүйесек, біз көбіне қоғамда кезігетін олқылықтың неден туындағанын емес, жою жолымен әлек боламыз. Мұндай қадам мәселені түзегенімен, саладағы келеңсіздікті түбегейлі шешуге қауқарсыз келеді. Кейінгі кезігітін қайталама қателіктің салдары да осы. CNN арнасында арнайы бағдарлама әзірлеген Рея Магнат и Джошуа Берлингер еңбегінен осы бір  «себеп пен салдардың» аражігіне қатыстыы бейтарап талдау көзге түсті. Индиядағы теміржол апатын ақпараттандыруды назарға алған тілшілер оқиғаның немен аяқталғанын ғана емес, себебін де жеке қарастыру арқлы тақырыптың нәзік тін тарқатқан.

Есте болса, өткен жұмада Индияның Одиша штатында теміржол апаты болды. Үш пойыз рельстен шығып, вагондар аударылған. Салдарынан 300-ге жуық тұрғын қаза тауып, 1000-нан астам адам жарақат алды. Міне, осы жаңалықты CNN тілшілері өзге қырынан қарастырыпты. Мамандар оқығаның салдарын емес, пойыз апатына не себеп болғанын қаузаған екен. Тіпті, басымдықты мемлекеттің логистикалық бағдарламларының шикілігі мен инфраструктураға құйылған қаржының тиімсіз жұмсалуына бағыттағанын айта кеткен жөн.

«Индия тарихындағы ең қайғылы апат елдегі теміржол желісінің қауіпсіздігіне сын көзбен қарауға итермеледі. Бұған дейін мұндай келеңсіздікке алаң жоқ-тұғын. Өйткені, Индия Британия колониясы болған кезде-ақ теміржол желісін қалыптастырып, бүгінде күнделікті 11мың пойызды кедергісіз қатынатуда.

Сонда мүлтіксіз жүйенің қателігіне не себеп? Билік бұл сауалға теміржол сигналының ақауына сүйеп жауап қайтарған. Сигнал ақауы техникалық келеңсіздіктен  немесе адами фактордан туындауы ықтимал. Оның үстіне тозығы жеткен инфраструктура Индиядағы пойыз апатының бірден-бір себебіне айналуда. Мысалы, 2021 жылы 18 мың теміржол апаты болып, 16 мың адам көз жұмған. Жағдайдан хабардар премьер-министр Нарендра Моди де 2025 жылға дейін транспорт инфрастуктурасын модернизациялауға 5 трлн доллар бөлген болатын. Қаржыға әуежайларды жаңарту, жол салу, жүрдек пойызды көбейту бағытына жұмсалмақ. Albright Stonebridge Group компаниясының дерегінше, теміржол саласын дамытуға бюджеттен тағы 29 млрд доллар бөлінеді деп жоспарланған», – дейді авторлар.

Осы орайда бағдарлама барысында қызықты дерек көзге түсті. Тілшілер үкімет айтқан «ресми сылтауды» елемей, ескерусіз қалған себептің бірін тілге тиек еткен. Мемлекет теміржол, станция олқылығын айтқанда апатқа ұшыраған пойыздағы қауіпсіздік құрылғысының істен шыққанын назарға алмады деп айыптайды. Деректі де келісті келтірген. Индияның бұрынғы теміржол министрі Мамата Банерджиді сөзге тартып, олқылықты маманның тарапынан жеткізген. Ол: «Білуімше, пойызда соқтығыстың алдын алатын құрылғы мүлде болмаған. Егер пойызда ондай құрылғы болғанда қайғылы оқиға орын алмас еді», – дейді.

Тілшілер бағдарламада Индияның Ұлттық теміржол жобасын да сынға алған. Олардың айтуынша, келешекте қайғылы оқиғаны қайталамау үшін 2021 жылы  қолға алынған Ұлттық теміржол жобасын жүйелі жүргізу қажет. Нәтижесінде, елдің үш бағыты жоғарыжылдамдықты  теміржол жүйесімен қамтылатын болады. Басымдық халқы миллионнан асатын, арақашықтығы 300-700 шақырым болатын қалаларға берілмек.

«Индия жапондық технология, инженерлер мен қаржыгерлердің көмегіне мұқтаж. Егер келіссөздер сәтті жүзеге асса, алдағы 10 жылда Мумбай мен Ахмедабад арасын жалғайтын 508 шақырымдық теміржол желісі мен 12 маршрут қатарға қосылады. Соңғы деректерге қарағанда бұл жаңалықтың ауылы алыс емес. Себебі, Джамму мен Кашмирді жалғайтын әлемдегі ең үлкен теміржол көпірі бітуге таяу. Тіпті, қайғылы оқиға орын алмағанда өткен сенбіде премьер-министр Vande Bharat Express жүйрік пойызын іске қосуы қажет еді.

P.S. Жалпы, соңғы он жылда теміржол апатынын туындаған қайғылы оқиға жиі болуда. Мысалы, 2005 жылы Андхра-Прадеш штатында жолаушылар пойызы аударылып, 102 адам көз жұмғанын білеміз. Алты жыл өткесін Уттар-Прадеш шаттында 10 адамның өмірін жалмаған апат қайталанды. Сондықтан болар,  премьер-министр Нарендра Моди Индиядағы теміржол желісіне тағы инвестиция салуға уәде беріп, байланыс пен қауіпсіздік жүйесін жаңартуға күш салатынын жеткізді.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: