Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Tesla зауытында робот адамға шабуыл жасады

28.12.2023

744 0

Фото: stan.kz

Техас штатында робот-манипулятор Tesla зауытында жұмыс істеп жатқан инженерге шабуыл жасап, ауыр жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Жаңадан құйылған алюминийден жасалған автомобиль бөлшектерін алуға және жылжытуға арналған машинадан жұмыс кезінде ақау шығып, оның қолдары жақын маңдағы инженерге тиіп кеткен. Ер адам қолынан және арқасынан ашық жарақат алды.

Қайғылы оқиға Tesla автомобиль шығаратын зауытында 2021 жылы орын алған. Алайда бұл жағдай енді ғана белгілі болды. Себебі зауыт 2021 жыл және 2022 жылы өзінің жылдық есептерінде роботтардың әрекетімен болған жағдайлар туралы жақ ашпаған, Өйткені, бұл мәселе ерекше бақылауға алынып, бөлек аталып өтілген.

Бірнеше күн бұрын Илон Масктың Tesla компаниясы қауіпті болуы мүмкін мәселеге байланысты 120 мың электромобильді сатылымнан қайтарып алғаны белгілі болды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: