Сейсенбі, 16 шiлде, 19:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Тойға 285 миллиард теңге жұмсаған

16.07.2024

93 0

Сурет: Raju Shinde/Hindustan Times

Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің кенже ұлы Анант Амбани отау құрды. 285 миллиард теңге ақша жұмсалған тойға Болливуд жұлдыздары, ірі кәсіпкерлер мен әлемге танымал адамдар шақырылған. Тіпті той үшін Мумбайдың бір ауданы 3 күнге жабылған. Бұл туралы Massaget.kz. хабарлайды.

Қазақстаннан барған аспаз (қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін атамауды ұйғарды – еск.) тойда үстел үстіне бірде-бір ішімдік қойылмағанын, той тұтасымен вегетериан стильде өткенін айтты. 

Қазақ 30 күн ойын, 40 күн тойын өткізсе, үндістер де тойға ерекше ықыласпен қарап, келген әр қонаққа ілтипатпен қарап, қолын бос жібермейді. Әлем назарын аударған 3 күнге созылған бұл той 12 шілдеде  басталып, 14 шілде аяқталды. 

Алдымен күйеу жігіт Анант Амбани мен оның туыстарының дәстүрлі шеруі өтті. Индияда бұл дәстүр Бараат деп аталады. Одан кейін Джаймала рәсімі өтті. Бұл – сахнада тұрған күйеу жігітке қалыңдықтың келуі. Қалыңдық бірінші образына таспен көмкерілген алтын түстес көйлек таңдаған. 

«Менің білуімше, бірінші күні тойда қызмет атқарған адамдардың саны 3 мыңнан асты. Оның ішінде әр елден келген дыбыс, жарық реттеушілері, әрлеушілер, әр ел тағамдарын дайындайтын аспаздар, флористер, күзет болды. Барлығы өз жұмысын жоғары дәрежеде атқарып шықты», – деді ол. 

Той рәсімі Jio World көрме залында өтті. Бұл жер гүлмен, гүлді жануарлармен әрленген. Кейбір БАҚ мәліметінше, олардың әрқайсысын жасау үшін 100 мыңдай гүл қажет болған. 

Тойда қандай қонақтар болды?

Келесі күні Амбанилер даналық, сұлулық және білім құдайы Сарасватиге пуджа (ғибадат ету рәсімі – еск.) жасады. Бұл рәсімге 14 мыңға жуық адам қатысқан.

«Жалпы той залының әрлеуіне 100-ден 80 қояр едім. Бұдан да әдемі әрленген тойларда қызмет еттік. Бірақ ең қызығарлығы – қонақтар тізімі. Бұл тұлғалар кез келген іс-шараға бара бермейді. Менің топ үштігім: Samsung басшысы, зергер Лоран Шварц пен FIFA басшысы. Бұдан басқа, Гаутам Аданиді де қосқым келіп тұр. Қателеспесем, оның байлығы қазір Амбаниден де асып түседі. Тойда Ким Кардашьян да болды. Бірақ ол ұзақ болмай кетіп қалды. Той кешкі 8-ге дейін өтті. Кейін афтэпати (бейресми кеш – еск.) болды. Тойда трансляция жүргізіліп, тікелей эфирден көрсетілді. Болливудтың ең танымал жұлдыздары қонақтарды қарсы алып шауып жүргенін көрдім. Бұл – ғасыр тойы, мұнда келу – алтын балық аулаумен тең, рейтинг көтеріп алудың амалы. Кей Болливуд жұлдыздарын тіпті танымай қалдым», – дейді кейіпкер. 

FIFA президенті Джанни Инфантино жұбайы Лина Аль Ашгар және қыздары Шаная Серена, Алессия, Сабрина және Далия Нора. Фото Francis Mascarenhas/Reuters

Ким және Хлоя Кардашьяндар 

Бұдан басқа, қонақтар арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері Тони Блэр мен Борис Джонсон, Бекхэм отбасы, Джон Сина, актер Ник Джонас, актриса Приянка Чопра, стилист Лоу Роуч, сәнгер Прабал Гурунг, рэпер Рема және Болливуд жұлдыздары болған. 

Тойда кім өнер көрсетті?

Vanity Fair басылымының мәліметінше, тойда диджей Дэвид Гетта, The Backstreet Boys, Кэти Перри, Pitbull өнер көрсеткен. 

Оның айтуынша, бұл той үшін 3 күн бойы Мумбайдың бір ауданы жабылып, полиция қаланы ерекше бақылауға алған.  

«Мумбайды кез келген адам жаба алмайды ғой. Демек, бұл отбасының беделі мықты. Тағы бір қызығы, бұл отбасы қайырымдылықпен көп айналысады. Олар – тойымсыз байлар емес. «Тек ішіп-жеуді ғана біледі» деген қате пікір, бұл отбасы қолынан келгенше кедей Индияға көмек қолын созып жүр», – деді аспаз. 

Тойбастар немесе басқа да сыйлықтар

«Тойға кеңістікті дайындағандар арнайы базар ойластырған. Оның ішінде кез келген адам өзіне иіссу жасап, түрлі әшекей сатып алуға, тіпті сағыз толған арнайы үстел болды», – дейді аспаз. 

Үйлену той қонақтарын Мумбайға тасымалдау үшін үш жеке Falcon 2000 ұшағы әзірленген.

Мұнымен қызық біткен жоқ. Мереке алдында той иелері әр қонаққа құны 8 мың долларға (шамамен 3,8 миллион теңге) тең келетін шақырту жіберген. 

Күйеу жігіт, 29 жастағы Анант Амбани – үнді миллиардері, Reliance Anil Dhirubhai Ambani Group конгломератының иесі Мукеш Амбанидің кенже ұлы, оның байлығы 123,9 миллиард долларға бағаланған. Амбани – Азиядағы ең бай адам және Forbes-тің әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 11-ші орынға жайғасқан. Қалыңдық, 29 жастағы Радхика Мерчант – үнді миллиардерлердің бірінің қызы, Encore Healthcare фармацевтикалық компаниясының басшысы. 

Ал бұл қалыңдықтың салтанатта киген образдары. 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: