Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады

05.04.2022

886 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме басында президенттер қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті. Тоқаев екіжақты сауда көлемін жақын арада 5 миллиард долларға, одан кейін 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңыздылығын айтты.

Түркия басшысы Тоқаевтың мамыр айында Анкараға жоспарланған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беретініне үміт білдірді.

Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да жан-жақты пікір алмасты. Тоқаев Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бітімгершілік күштерінің тиімділігін жоғары бағалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: