Қытайдың шығысындағы Хэцзе қаласында жойқын торнадо болып, бес адам қаза тапты. Сондай-ақ 88 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы Синьхуа басылымы хабарлайды.
Статистика бойынша, торнадо салдарынан барлығы 2820 ғимарат пен 48 электр желісі зақымданған.
Қарқынды жөндеу жұмыстарынан кейін көлік қатынасы, байланыс, су және электр қуаты негізінен қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жергілікті іздестіру-құтқару қызметінің жұмысшылары зардап шеккендерді эвакуациялау және қоныстандыру жұмыстарын жүргізіп, мамандар келтірілген шығынды кешенді бағалауға алды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!