Сенбі, 21 желтоқсан, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түркия: 261 сағаттан кейін де аман қалғандар бар

17.02.2023

549 0

Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Антакьядағы Ордабашы көшесінде жұмыс істеп жатқан құтқару бригадасы қираған үйдің тастарының арасында қысылып қалған екі азаматты аман алып қалды.

Олар дереу 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлы мен 34 жастағы Мұстафа Авчиді шығарып алды. Екі азамат ошағы Кахраманмараштағы зілзаладан 261 сағат өткеннен кейін құтқарылды.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асқан екі жер сілкінісі тіркелді. Артынша жүздеген афтершокқа жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, оның ішінде Сирияда да сезілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда жеті күн жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Жойқын зілзала салдарынан мерт болғандар саны 36,1 мың адамнан асты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: