Түркияның Мугла қаласының Милас ауданына ресейлік және қазақстандық туристерді тасымалдап апара атқан микроавтобус жантүршігерлік апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан 13 турист зардап шегіп ауруханаға жеткізілген.
“Алынған ақпаратқа сәйкес, 112-ші топқа таңғы сағат 7:00 шамасында мидибустың аударылып, ішінде зардап шеккендер бар деген хабар келді. Милас-Кору жолындағы оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көліктері, полиция, өрт сөндіру және құтқару бригадалары жіберілді”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген бригадалар зардап шеккен ресейлік және қазақстандық 13 адамды мидибустан шығарып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаларға жеткізген. Полиция оқиға бойынша тергеудің басталғанын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!