Жұма, 22 қараша, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Түркияда қираған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі ұсталды

11.02.2023

745 0

Ыстамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунды ұстады, – деп хабарлайды Onedio басылымы.

Басылым мәліметінше, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллион лирадан 3 миллион лираға дейін (35,9 – 71,8 миллион теңге) сатылған. Бірақ, шаршы метрлердің қымбаттығы олардың сапасына кепілдік бермеген.

Үйді салған екі ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчин Джошкун екені белгілі және олар жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.

10 ақпанда Махмет Яшар Ыстамбул әуежайында ұсталды. Ол шетелге ұшуды көздеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: