Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түркиядағы үйінді астынан тағы бір отандасымыздың денесі табылды

13.02.2023

675 0

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болған тағы бір қазақстандықтың денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды», – делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан әйелдің денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ, қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген.

«Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: