Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түрмеде бүлік шығып, салдарынан 130-дай адам мерт болды

04.09.2024

385 0

Сурет: news.house

Түрмеде бүлік шығып, тұтқындар қашуға әрекеттенген. Түрменің бірнеше ғимараты толығымен өртенді. Оқиға Конгодағы Киншаса қаласында орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конго Демократиялық Республикасында түрмеден қашпақ болған кемінде 129 тұтқын мерт болды. Ел астанасы Киншасадағы Макала түрмесінің 24 тұтқыны ескертуден кейін оққа ұшты, тағы ондаған адам тапталып немесе тұншығып өлген.

2 қыркүйекке қараған түні түрмеде тәртіпсіздік басталған. Мерт болғандардан бөлек, кем дегенде 59 адам жарақат алып, түрмедегі әйелдерді зорлаған бірнеше оқиға да тіркелді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде бірнеше сағат атыстың даусы естілді.

Ішкі істер министрлігінің басшысы түзеу мекемесіне айтарлықтай материалдық шығын келгенін хабарлады, түрменің әкімшілік ғимараттары, түрме ауруханасы және азық-түлік қоймасы толығымен өртеніп кеткен.

Түрмеде бүлік шығып, салдарынан 130-дай адам мерт болды

Макала түрмесі – Конго Демократиялық Республикасындағы ең үлкен түрме. Ол 1500 тұтқынға есептелген, бірақ онда 14 000-нан 15 000-ға дейін тұтқын бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: