Сенбі, 23 қараша, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Үйден өрт шығып, 5 бала тірідей жанып кетті

14.11.2024

380 0

Сурет: alash.kz

Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Мәліметтерге сүйенсек, үйдегі  электр пешінен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Үйде қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі балалар болған. Олар түтінге тұншығып көз жұмды. 5 баланың 27 жастағы анасы ескі заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып кеткен. Балалардың анасы қамауға алынды. 

«Әкелері де, туысқандары әрдайым көмектесіп отыратынбыз. Жағдайлары жаман емес еді. 15 күн бұрын менің інім барып балалардың ересектерін интернатқа өткіз, кішкентайларын мен алайын депті. Бірақ анасы өзім қараймын деп рұқсат бермепті», – дейді балалардың нағашы ағасы. 

Бұл жантүршігерлік оқиға Түркияны дүр сілкінтті. Парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін мәлімдеді.

«Отбасы жөніндегі министрлік өкілдері балаларды арнайы интернатқа алайық деп бұл үйге 18 рет барған екен. Алайда анасы келіспеген. Мемлекеттен жәрдемақы да тағайындалған. Болашақта осындай жағдайлар қайталанбас үшін аз қамтылған отбасыларға қатысты бағдарламаны қайта қарау керек. Балаларды сот шешімімен отбасынан алып, мемлекеттік интернатқа орналастыру мәселесін оңтайландыру қажет», – дейді  «Ақ партия» фракциясының жетекшісі Өзлем Зенгин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: