Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үкімет отставкаға кетті

07.05.2024

628 0

Сурет:massaget.kz

Ресей үкіметі ресми түрде отставкаға кетті. Бұл туралы Ресей министрлер кабинетінің Telegram-арнасында айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. 

«Ресей Федерациясының Үкіметі туралы» Федералдық конституциялық заңның 35-бабына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің жаңадан сайланған Ресей президенті алдындағы өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Ресей Федерациясының президенті қызметіне кіріскен күні Үкіметтің бұйрығымен ресімделеді», – делінген Ресей Федерациясы министрлер кабинетінің хабарламасында.

Премьер-министр, оның орынбасарлары мен министрлер министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндетін атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы президенті Әкімшілігі басшылығының өкілеттігі автоматты түрде аяқталады. Бұл мемлекет басшысының өзі тағайындайтын қызметтер туралы болып отыр. Заңға сәйкес, қызметке кіріскен президенттің шешімімен мұндай қызметкерлерге өз міндеттерін уақытша атқару жүктелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: