Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үндістанда көпір опырылып, 90 адам қаза тапты

31.10.2022

782 0

Үндістанның Гуджарат штатында көпірдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 90 адамнан асты.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, 70 адам жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді, кем дегенде 100-і із-түзсіз жоғалғандар деп хабарлайды NDTV арнасы.

Морбидегі Мачху бөгетіндегі көпір соңғы екі жыл бойы жабылып, 26 қазанда қайта жөндеуден кейін қайта ашылды. Үнділердің айтуынша, 140 жылдық тарихы бар көпірді жеке компания жөндеп, жарамдылық сертификатынсыз ашқан.

Оқиға орнына премьер-министр Нарендра Моди келді. Ол қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге уәде берді.

30 қазанда Үндістанда 500-ге жуық адам болған жаяу жүргіншілер көпірі құлады. Олардың көпшілігі суға батып кеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: