Сенбі, 27 сәуiр, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үндістандағы алапат

22.05.2021

1476 0

Дүйсенбіде Үндістанда бұған дейін болмаған қатты дауыл басталып, ол мемлекеттің батыс жағалауына дейін жетті. Табиғи апат салдарынан елдегі денсаулық сақтау мамандары вирустан зардап шеккен кей аймақтарға көмектесе алмай отыр. Орын алған оқиғаға байланысты CNN арнасының тілшілері Джесси Енг пен Эша Митра «Үндістан Covid зардабынан кейін бұған дейін батыс жағалауда болмаған циклоннан зардап шегуде» деген тақырыпта арнайы сюжет дайындады.

Тілшілердің хабарлауынша, 3-санаттағы жоғары дауыл саналатын Тауктае тропикалық циклоны Араб өзенінен баста­лып, түнгі уақытта жағалауға жеткен. Жел күшейіп, сағатына 205 шақырым жылдамдықпен батыс штатқа келіп түйіскен. Бұл туралы АҚШ-тың тайфун туралы ескерту орталығы хабарлады.

Үндістанның метеорологиялық департаменті (ҮМД) сей­сенбі күні таңғы уақытта жел «өте күшті циклондық дауылдан» «күшті циклондық дауылға» дейін әлсірегенін хабарлаған.

Бағдарламадағы сурет пен бейнелерден көлік жол­дары жаңбырдың әсерінен суға толғаны, ағаштар мен электр баған­дары желдің күшінен құлап қалғанын көруге болады. Штаттың әкімшілігі таратқан ақпаратта жағалауға жақын орналасқан Гуджарат, Керала, Карнатака, Гоа мен Махараштра штаттарында дауылдан кем дегенде 26 адам мерт болды делінген. Ал табиғи апаттарды басқару департаменті адамдардың көбісі суға бату, қираған үйлердің астында қалу, найзағай секілді табиғи залалдан қайтыс болды дейді.

Тілшілер бұл табиғи апаттың үндістандықтар корона­вирустың екінші толқынымен күресіп жатқан кезде орын алғаны қиындық тудырғанын да тілге тиек етті. Соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны кемігенмен, індеттен қайтыс бол­ғандар саны әлі де өсіп жатқанын вирустық кризистің бітуі әлі ерте екенін әсіресе медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек жеткіліксіз, шалғай ауылдарда ахуал күрделі екені де айтылады.

Циклон туралы ескерту берілген тұста эвакуация­ланған тұрғындар коронавирус жұқтырған науқастармен бірге бол­ған. Штат басшылары берген мәліметте Мумбайдағы корона­вируспен күреске арнап ашылған ауруханадағы 580-ге жуық науқас өзге қарапайым емханаларға ауыстырылған. Тілшілер бұл өз кезегінде вирус жұқтырғандар санының артуына себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Қазіргі кезде Үндістан эпидемия бойынша әлемдік эпицентр атанғаны рас. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласы «сыр беріп», күн сайын адамдар дәрі мен оттегі жетіспеуінен көз жұмуда. Сыртқы және ішкі сынға ұшыраған мемлекеттің үкіметі әлі де болса вирустың алдын алуға бар күшін салуда.

Сонымен қатар мақала авторлары бұл циклонның бірнеше айға созылатын муссондық желдің әсерінен болатын табиғи апаттың ескертуі болуы әбден мүмкін деп тұжырымдайды.

Арнайы хабарда оқиғаға байланысты биліктің берген ақпараты да орын тапқан. Штат министрі Виджай Рупани: «200 мыңға жуық халық Гуджараттан өзге аймаққа эвакуацияланды. 2435 ауыл желдің кесірінен жарықсыз қалып, бүгінде 484 ауылда жарық қалпына келтірілді», – деді дүйсенбідегі мәлімдемесінде.

ҮМД биіктігі 13 футқа (4 метр) жететін жел үлкен су басуға алып келетінін ескертті. Одан бөлек департамент Гуджарат штатындағы халық ең көп шоғырланған Ахмадабадта келесі 24-48 сағат арасында 102 мм жуық жауын-шашын түсуі мүмкін екенін хабарлады.

Керале мен Карнатаке штаттарының бас министрі тұрғын­дардың үйлері зардап шеккендіктен олар көмек лагерлеріне қарай қоныстанып жатқанын айтты.

Оқиғаға байланысты табиғи апат кезінде көмектесетін күш құрылымы 100-ден аса топ құрып, зардап шеккен аймақ тұр­­ғындарына көмекке аттанған. Үндістан әскері де оқиға орнынан табылып, Мумбай жағалауындағы мұнай-кен орны тұсында батқан кемеден 177 адамды құтқарған.

Бұл табиғи апат Covid-19 вирусымен күресуге кері әсерін тигізіп жатыр. Министр В.Рупанидың айтуынша, апат әсерінен ауруханаларда электр жарығы сөніп қалған. Қосалқы генератор болғанымен, екі мекемеде олар істен шығып, науқастарға көмектесу қиынға соққан. Билік генераторды жөндеу жұмыс­тарымен айналысып жатыр, бірақ Гуджаратта әзірге вакциналау тоқтап тұр. Оның үстіне бұл штатта оттегі толтыру жүзеге асырылады, алайда апат әсерінен өзге штаттарға жеткізу оңай болмай тұр.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: