Жексенбі, 24 қараша, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ұлыбританиядағы Қазақстан азаматтарына ескерту жасалды

07.08.2024

281 0

Сурет: reuters

Халықаралық бағдарламалар орталығы (ХБО) Ұлыбританиядағы тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандық студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталықтың хабарлауынша, Ұлыбитанияның кейбір қалаларындағы тәртіпсіздіктер 30 шілдеде басталып, кейінгі күндері жағдай ушығып кеткен. Халықаралық бағдарламалар орталығының кураторлары осы қалаларда білім алып жатқан “Болашақ” бағдарламасы мен “500 ғалым” ғылыми тағылымдамасының стипендиаттарымен үнемі байланыста отыр.

Стипендиаттар қабылдаушы елдің ережелерін сақтай отырып, қауіпсіз жерде екенін мәлімдейміз. Орталық Ұлыбританиядағы барлық стипендиаттарды адам көп жиналатын орындарға бармауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Қажеттілік туындаған жағдайда қолдау мен көмек алу үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына хабарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ал Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің консулдық есебінде еліміздің 1270-ке жуық азаматы тұр. Бұл ретте қазақстандықтардың нақты санын анықтау қиын, өйткені барлық азамат есепке алынбайды.

Қазақстан азаматтарын Ұлыбританиядан эвакуациялау жоспарланбаған. Елшілік Ұлыбританиядағы қазіргі жағдайды мұқият қадағалап отыр. Отандастарымызға сақтық шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға шақырады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тәртіпсіздіктерге Саутпорт қаласындағы үш қызды өлтірілуі себеп болған. Кісіні мигрант өлтірді деген қауесет тараған.

The Times газетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 420-дан астам адам ұсталған. Полиция тәртіпсіздіктің белсенді өзегін Англияның ұлтшыл Қорғаныс лигасының жақтаушылары құрайды деп санайды. 

Осы уақытта Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Үкіметтің төтенше комитетінің отырысын өткізді. Ол Үкімет тәртіпсіздіктерге қарсы тұру үшін полицейлердің үлкен контингентін бөлетінін хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: