Facebook Әлеуметтік желісіне тиесілі WhatsApp мессенджері компаниялардан қосымша кейбір қызметтер үшін ақы алуы мүмкін, деп жазады The Rambler.
Wabetainfo.com сайтының хабарлауынша, WhatsApp бизнес үшін ақылы жазылымды әзірлеуде. Басылым инсайдерінің хабарлауынша, ақылы мессенджерде эксклюзивті мүмкіндіктер ұсынылады, соның ішінде бір аккаунтқа 10 құрылғыға дейін қосу мүмкіндігін ұсынады; тұрақты пайдаланушылар үшін бұл шектеу тек төрт құрылғыны құрайды. Осылайша, қосымша ұйымдар қызметкерлеріне сыртқы байланыстар үшін ортақ ресми контактіні пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақылы желінің басқа артықшылықтары туралы мәліметтер белгісіз, бірақ қарапайым пайдаланушылардың алаңдайтын ештеңесі жоқ және WhatsApp-ты бұрынғыдай пайдалана алады. Ақылы WhatsApp желісі ең алдымен корпоративтік клиенттерге бағытталған. Жазылым айлық немесе жылдық болатыны да белгісіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!