Бейсенбі, 21 қараша, 21:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жиырма бес баланы улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

16.07.2023

1110 0

Қытайда әріптесінен кек алу үшін балабақша тәрбиешісі балаларды улап, салдарынан бір бала көз жұмған. Маман істеген қылмысы үшін өлім жазасын кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмысқа балабақшадағы әріптесімен жанжал себеп болған.

2019 жылдың наурыз айында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану орын алды. Полицейлер мұғалім Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды.

Ван Юн бірінші сатыдағы соттың үкімімен өлім жазасына кесілді. Кейіннен Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 13 шілдеде өлім жазасына кесілді.

Жаппай уланудан кейін балабақша жабылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: