20-ға жуық жолаушылары бар автобус Мойка өзеніне құлап кетті. Оқиға Санк-Петербургте орын алған – деп хабарлайды РИА Новости порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видео кадрда автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай бірнеше көлікке соғып, көпірден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері адамдарды судан құтқаруда.
Қала басшысы Александр Беглов зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілетініне сендірді.
РИА Новости порталының хабарлауынша оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.
Аталған оқиғаға байланысты құтқарушылар, жедел жәрдем, қалалық әкімшіліктің және денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!