20 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады,-деп хабарлайды KAZINFORM
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 20 қыркүйек, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қостанай, түнде Өскемен қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!