Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 186 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 19 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2025 жылдың 9 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштеріне 1568 су сынамасы алынып, оның 12-і талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 0,7 пайызды құрады.
Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 1512 сынама алынып, оның 78-де сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы-5,6 пайызды құрады. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар бойынша нормадан жоғары анықталды.
Сәйкес келмейтін үлгілердің барлық фактілері бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға және су пайдалану объектілерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ақпарат жоданды.
Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді.
Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!