2026 жылғы 26 қаңтарда Қызылорда облысының Арал қаласындағы №220 орта мектебі оқушылары арасында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды жинап сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға жұмылдыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар жасыл аймақтарды көбейту, экотуризмді дамыту және пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған бастамалар туралы өз ойларын постер арқылы қорғады.
Оқушылар тарапынан экологиялық мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтылып, қалада көгалдандыру жұмыстары, сенбіліктер мен экологиялық шаралары көбірек ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Қатысушылар табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік екенін ерекше атап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесіп атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
