Сейсенбі, 24 наурыз, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Елімізде Тазару күніне екі мың жас белсене қатысты

24.03.2026

37 0

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

23 наурыз — Тазару күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде атап өтіліп, оған жастар белсенді атсалысты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 2 мың адам.

— Айтулы бастамалардың бірі — экологиялық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Өзіңнен баста» челленджі. Бастаманы «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қолға алып, ол бүкіл ел жастары арасында кең қолдау тауып, барлық өңірді қамтыды. Сонымен қатар өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамдық кеңістіктер мен Наурыз тойланған орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді, — делінген ақпаратта.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары табиғи бұлақтар мен су көздерін тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына белсенді қатысты.

Аталған іс-шаралар Наурыз дәстүрінде орныққан тазалық, табиғатқа жанашырлық және экологиялық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде жастардың топтасуының жарқын көрінісіне айналды.

Осыған дейін қазақстандық еріктілер ел тұрғындарын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: