Сейсенбі, 11 қараша, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Геологиялық барлаумен заңсыз айналысқан 24 компанияға айыппұл салынды

11.11.2025

37 0

Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында геологиялық барлау мен жер қойнауын игеру жұмыстарын заңсыз жүргізген 24 компания анықталды. Олардың кейбірі кенді рұқсатсыз қазып, тіпті лицензиясыз әрекет еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ

Экология департаментінің мәліметінше, табиғат қорғау заңнамасын бұзған кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұзушылықтар қатарында — рұқсатсыз барлау және өндіру, топырақ пен су айдындарын ластау, сараптама талаптарын сақтамау және қалдықтарды көму ережелерін өрескел бұзу бар.

Жыл көлемінде экология департаменті сегіз жер қойнауы нысаны бойынша тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, мемлекет қазынасына толық төленді, – деді облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы Меруерт Жарылқасымова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: