2025 жылғы 8 желтоқсанда Экология және табиғи ресурстар министрі экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлерінің тізіміне өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған түзетулерге сәйкес, басқа экологиялық қауіпті қызмет түрлеріне мыналар жатады:
- әскери және қорғаныс объектілерінің қызметі: жанғыш және майлау материалдарын 200 мың тоннадан астам сыйымдылықта сақтайтын арсеналдар мен базалар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер және күшті улы заттар.
Бұдан бөлек, бұрынғыдай тізімге мыналар кіреді:
- қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық және биологиялық заттарды өндіру, сату, пайдалану және залалсыздандыру;
- аэрокосмостық қызмет, оның ішінде ғарыш аппараттарын пайдалану және пайдаланудан шығару;
- генетикалық модификацияланған организмдерді өндіру;
- микробиологиялық өндіріс, оның ішінде микроорганизмдермен жұмыс істеу және оларды залалсыздандыру.
Сонымен қатар, тізімге мыналар да кіреді:
- жер және пайдалы қазбаларды пайдалану;
- су ресурстарын пайдалану;
- мұнай операцияларын жүргізу;
- металлургиялық өндіріс;
- атомдық және жылу энергиясын пайдалану;
- атмосфералық ауаның, климаттың және озон қабатының жағдайына әсер ету;
- қауіпті қалдықтармен жұмыс.
Бұйрық 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
