Сенбі, 27 қыркүйек, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

«Мөлдір бұлақ»: Жағалаулардан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды

27.09.2025

54 0

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың мамандары «Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастаманы қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асып отыр. Оның мақсаты – бұлақтар, өзендер мен су қоймаларының жағасын тазалап, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындар арасында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Еліміз бойынша жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарына 4000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында министрліктің қызметкерлері, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының барлық филиалы мен өндірістік учаскесі, 8 бассейн инспекциясының мамандары қатысты. Сонымен бірге 3 гидрогеология-мелиорация қызметінің өкілдері және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары да сенбілікке қатысты.

Астана қаласында акцияға министрліктің орталық аппараты, Су шаруашылығы комитеті, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы және «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің 310 қызметкері қатысты.

Ауқымды сенбіліктің қорытындысы бойынша еліміздегі жағалау аумақтарынан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында министрлік ұйымдастырған республикалық сенбілік еліміздің су нысандарын ластанудан қорғауға ғана бағытталмаған. Сонымен қатар бұл шара қоғамда табиғи су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға арналған. Мұндай ауқымдағы жағалауды тазалау жұмысы елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ел мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізген болатын. Оған шамамен 2 млн оқушы қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: