Бейсенбі, 09 қазан, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Облыстық филиал эко-акцияға қатысты

09.10.2025

75 0

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымы “Таза қала, таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысты.

Бұл игі іс-шара Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – өңір тұрғындарына экологиялық мәдениетті насихаттау, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндеу және туған өлкенің тазалығына үлес қосу болып табылады.

Акция барысында филиал қызметкерлері қала аумағындағы қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинады.

“Біздің мақсат – тек қана қызмет көрсету сапасын арттыру емес, сонымен бірге қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейту. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз,” – деді филиал директоры Аида Абибуллаева.

Осындай шаралар арқылы облыстық филиал ұжымы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосуды жалғастырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: